
Бүгін елордалық ТЖД басшылығы мен жеке құрамы Жамбыл облысында болған жарылыс кезінде қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алды.
Осыдан тура бір жыл бұрын, 2021жылдың 26 тамызында бәрімізді дүр сілкіндірген үлкен қайғылы оқиға болды. Өйткені, бұл күн біздің өрт сөндіру қызметінің 10 адамының өмірін қиды. 10 нағыз ер азаматтар, өз саласының мамандары, керемет тұлғалар, біруінің жары біреуінің әкесі болған еді. Олар өздерінің қызметтік міндеттерін соңына дейін абыроймен орындап, нағыз батырлықпен қаза тапты.
Азаматтық қорғау полковнигі Меиржан Көпбосынұлы Айманов - Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары.
Азаматтық қорғау подполковнигі Александр Николаевич Микропуло – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі.
Азаматтық қорғау майоры Сергей Владимирович Заикин – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы. Азаматтық қорғау органдарында
Азаматтық қорғау сержанты Торебеков Таңірберген Құдайбергенұлы-Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші – құтқарушысы. Мәңгі есімізде!