
Бүгін 4 шілде күні сағат 15: 45-те 101 пультіне Ақберен көшесі 9-үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыртудың жоғары нөмірі бойынша өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша екі қабатты екі үйдің арасындағы шаруашылық құрылысы жанып жатқаны анықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт 17:12-де толық сөндірілді. Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамынан 34 адам және 8 техника жұмылдырылды.