Балаларды өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін түсіндіру

Балаларды өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін түсіндіру

Өрт салдары өте ауыр тілсіз жау. Қауіпсіздік ережелері тиісті дәрежеде сақталған жағдайда ғана өрттің алуға болады. Ал өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрету қазіргі таңда өзекті болып табылады.

Өрт шыққан жағдайдағы іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «Байқоңыр» ауданының Төтенше жағдайлар қызметкерлерімен «Астана» қайырымдылық мекемесінің қыздарға арналған медреседе «Өрт қауіпсіздігі. ТЖ іс-қимыл» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді.

Өрттің алдын алу үшін сақталуы тиісті ережелерді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оларға өрт кезіндегі іс-қимыл, сіріңкемен ойнаудың салдары неге соқтыруы ықтимал екендігі айтылды. Өрт шыққан кезде хабарласуға арналған 101, 112 жедел қызметтерінің нөмірлері естеріне салынды. Өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша бүктемелер таратылды. Сондай-ақ тәрбиешілеріне өртке қарсы нұсқамалар өткізілді.