ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ҒИМАРАТЫНЫҢ КІРІСПЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ҒИМАРАТЫНЫҢ КІРІСПЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ ӨТТІ

        6 маусымда елордалық ТЖД бөлімшелері ҚР Парламенті Мәжілісі ғимаратында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.                                                            Оқу-жаттығудың шарты бойынша Парламенті Мәжілісі ғимаратының 23 қабатында лифттің машиналық бөлімшесінде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт туындаған. Жедел түрде өрт орына №12 өрт сөндіру бөлімінің инспекторлық құрамы келіп, 200-ден аса адамдарды эвакуациялауды жүргізеді. Бұдан әрі өрт ошағына барлау жүргізілді. Өрт сөндірушілердің кәсіби дағдыларының және үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрт сәтті жойылды. Адамдар көп жиналатын ҚР Мемлекеттік меншігіндегі аса маңызды объектілердегі өрттерді жою (көп қабатты ғимарат), өртке қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттар дирекциясымен өзара іс-қимылы, сондай-ақ өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың бастапқы іс-қимылдарын пысықтау жаттығудың басты мақсаты болып табылады. Жаттығуға барлығы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамының 37 адамы мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.