Батыр марапатталды

Батыр марапатталды

13 мамырда елордалық Төтенше жағдайлар департаментінде досы Сәбит Шонтақбаевпен бірге қызды сегізінші қабаттың терезесінен құлаудан құтқаруға қатысқан батырды марапаттау рәсімі өтті.
Сағи Жылқышиев көрсеткен ерлігі үшін ҚР ТЖМ бұйрығымен "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен, алғыс хатпен және қол сағатымен марапатталды.
Еске сала кетейік, 11 мамыр күні Сәбит досымен бірге таңертең жұмысқа бара жатқан кезде, адамдар тобын көріп, 8 қабат деңгейінде тұрған баланың айқайы дереу подъезге жүгірген болатын. Көршілер арқылы 7 қабатқа көтерілген Сәбит досы Сағимен бірге құтқару шараларын қолға алды, себебі әрбір секунд есепте болды. Сабит терезеден өтіп, Сағи досын бір қолымен аяғын, екінші қолымен терезесін ұстап сақтандырды.
- Біз айқайларды естіп, ілініп тұрған баланы көрдік, ойымыз тек баланы құтқару болды, ойланбастан жүгірдік,-деп атап өтті Сағи Жылқышиев.
Екі достың бірлескен күш-жігерімен санаулы минуттарда қыздың өмірі аман-есен сақталды.