Елордалық ТЖД ынтымақтастық меморандумға қол қойды

Елордалық ТЖД ынтымақтастық меморандумға қол қойды

16 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті "Жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжімен" кадрларды даярлау және жасақтау мәселесі бойынша ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум жасасты.

Ынтымақтастық жасасудың негізгі мақсаттарының бірі оқу орнының теориялық білімін және елордалық құтқарушылардың практикалық тәжірибесін біріктіру негізінде колледж түлектерін кәсібилендіруді қамтамасыз ету болып табылады.

Жоғары көпсалалы колледж Көкшетау қаласында орналасқан, ТЖ қорғау, өрт қауіпсіздігі және басқа қолданбалы бакалавриат мамандығы бойынша талапкерлерді қабылдайды.