
Бүгін таңертеңнен бастап Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері құрғақ шөптер мен қамыстың жануына бес рет шықты.
Қазіргі уақытта жеке құрамнан 67 адам және 9 бірлік техника, сондай-ақ қала әкімдігінің екі бірлік техникасы "Западный" саяжай қоғамында алдын ала болжам бойынша 1500 ш.м. ауданда құрғақ шөп пен қамыстың өртенуін сөндіру бойынша жұмыс істеуде.
Тағы бір күрделі шығулардың бірі Сарыарқа ауданында Аққорған көшесіне болды, онда өрт сөндірушілер 300 ш.м. алаңда және Алматы ауданының "Шығыс айналма жолында" жанып жатқан құрғақ шөптің өртенуін ауыздықтады.
Құрметті азаматтар, көбінесе құрғақ шөптің, қамыстың жануының басты себебі – саяжай учаскелерінде, жол бойында немесе елді мекендердің маңындағы орман алқаптарында қураған ағаштарды, қоқыстарды жағу, сондай-ақ демалыс кезінде отты абайсыз пайдалану болып табылады. Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті құрғақ шөпті өртемеуді ұсынады;
- жанып тұрған сіріңкелер мен темекі тұқылдарын жерге лақтырмаңыз;
- құрғақ және желді ауа райында от жақпаңыз, оларды сөндірмеңіз;
- балаларға өрт қауіпті заттармен ойнауға рұқсат бермеңіз;
-саяжайдың айналасында құрғақ шөп шабу.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 101 нөміріне қоңырау шалыңыз!