
Елордалық құтқарушылар тәуліктік және күшейтілген режимде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізуде. Жеке құрамның
Жеке құрамның 69 адамы және 5 дана техника, 2 мотопомпа су сору жұмыстарын жүргізуде. Су басу қаупінің алдын алу мақсатында өткен екі тәулікте инертті материалдар толтырылған 800 қап қойылған. Қазіргі кезде су тасқынына қарсы жұмыстар Алматы, Сарыарқа аудандарында жүргізілуде. Сонымен қатар, елордалық құтқарушылар Ақмола облысына қарасты Қоянды кентінде су сору және өткізу жұмыстарын жүргізуде . Бүгінгі күнде елордалық құтқарушылардың күшімен Қоянды ауылында 19 286 м3, Интернациональный тұрғын алабында 14 764 су сорылған.