Елордалық ТЖД меморандум жасасты

Елордалық ТЖД меморандум жасасты

2022 жылғы 30 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Астана» Халықаралық ғылыми кешені» АҚ-мен су тасқыны және гидродинамикалық авариялар салдарынан Нұр-Сұлтан қаласының су басу қаупін бағалау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Ғылыми көзқарас пен технологияны енгізу, ғылыми институттардың өзара іс-қимылы барлық азаматтық қорғау қызметтерінің жұмысын жетілдіруге және төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдар бойынша мәселелерді алдын ала пысықтауға, сондай-ақ қаланың инфрақұрылымына, қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығы мен өміріне залалды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

- Біздің  бірлескен жемісті ынтымақтастығымыз су тасқынына қарсы жұмыстарына жақсы нәтижеге әкелетініне және су  тасқынымен күрес жұмысының сапасына әсер ететіне сенімдімін-деп атап өтті Департамент бастығы полковник Қуанар Базарбаев.