Астықжан СҮ өрт туралы алдын ала ақпарат

Астықжан СҮ өрт туралы алдын ала ақпарат
2021 жылғы 2 қазанда сағат 09:42-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Әл-фараби даңғылы, 28 мекенжайы бойынша өрт туралы келіп түскен хабарламаға жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты. Өрт сөндірушілер  шақыру орнына 6 минуттан кейін келген соң, "Астықжан" сауда орталығында 3-қабатта жиһаз салоны жанып жатқаны анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. 
Қазіргі уақытта елордалық өрт сөндірушілер 76 адам құрамында  және 19 бірлік техника жұмылдырылды . Өрт сөндіру орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды.