Анонс

Анонс

2021 жылдың 1-5 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XVI Әлем чемпионаты және әйелдер арасындағы VII Әлем чемпионаты өтеді.

 

Чемпионатқа Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Словакия Республикасы, Польша Республикасы, Сенегал Республикасы, Чех Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Монғол Халық Республикасы, Австрия Республикаларынан 10 ер және 5 әйел командалары қатысады. Сондай-ақ, Катар Мемлекетінен, Болгария Республикасынан, Сербия Республикасынан,  Сауд Арабиясы Корольдігінен, Индия Республикасынан, Грек және Италия Республикаларынан келген делегаттар болады.

 

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ерлер мен әйелдер командалары оқу мұнарасының төртінші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілуден, 100 метрлік кедергілер жолағынан өтуден, жауынгерлік қанат жаюдан және 4-тен 100 метрге дейінгі өрт эстафетасынан жарысады.

 

Әлем чемпионатының ресми ашылу салтанаты 2021 жылғы 2 қыркүйекте сағат 18:30-да Қарағанды қаласының «Шахтер» орталық стадионында (Қазақстан көшесі, 1) өтеді.