Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Қизатовтың төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның жоспарлы отырысы өтті.
Комиссия отырысына жергілікті атқарушы органдар, коммуналдық қызметтер және басқа да мүдделі ұйымдар қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
Коммуналдық қызметтер мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің алдағы 2021-2022 жылдардағы қысқы кезеңіне дайындыққа ерекше назар аударылды.
ТЖК отырысының қорытындысы бойынша тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, азаматтық қорғау қызметтері және ЖАО-мен алдағы жылыту маусымына және қысқы кезеңдерге қатысты жұмыс кеңесін өткізу туралы шешім қабылданды.