
02 тамызда елордалық ТЖД бастығы жеке құрамға Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Назарали Гаджимагомедұлы Селимовты таныстырды.
Назарәлі Гаджимагомедұлы 1985 жылы 14 мамырда ресей Федерациясы, Дагестан Республикасында туылған. Өзінің еңбек жолын Маңғыстау облысы бойынша Өрт сөндіру қызметінің ауысым кезекшісінің басшысы және мамандандырылған жасағының филиалы бастығының орынбасары лауазымдарынан бастаған.2011-2013 жылдары Маңғыстау оьблысы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған. 2013-2016 жылдары Маңғыстау облысы Өртт сөндіру қызметінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы лауазымында еңбек еткен. 2016-2017 жылдары Маңғыстау облысы (Ақтау қаласы) Өрт сөндіру қызметінің бастығының орынбасары болған. 2017-2020 жылдары Батыс Қазақстан облысы «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы қызметі. Соңғы лауазымы- Маңғыстау облысы Өрт сөндіру қызметінің бастығы.