Балаларға қатысты жазатайым оқиғаларды болдырмау және азайту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мектепке дейінгі білім беру орталықтарының балаларымен түсіндіру және оқу-эвакуациялық іс-шараларын өткізді.
Құрметті ата-аналар, әр бала төменгі ережелерді білуі қажет:
- сіріңкені қолдануға;
- электр құрылғыларымен ойнауға;
- газ және электр плиталарын қосуға болмайды.
Сондай-ақ 101 өртке қарсы қызметтің телефон нөмірін білуі тиіс. Мұндай қарапайым ережелерді білу сіздің балаларыңызға қайғылы жағдайлардан қорғануға көмектеседі.