Тұрғындардың назарына!

Тұрғындардың назарына!

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, ағымдағы жылғы 29 маусымда сағат 10.00-ден 11.00-ге дейінгі кезеңде Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ Департаменті теле-радио арналарды ұстап қалумен және электрдабылдарын іске қосу арқылы Нұр-Сұлтан қаласының құлақтандыру жүйесіне тексеру жұмыстарын жүргізетін болады . ​ Бұл тексеру құлақтандыру жүйелерін іске қосу бойынша Республикалық жаттығу шеңберінде жүргізіледі.
Төтенше жағдайлардың туындау қатері немесе туындауы кезінде халықтың назарын аудару үшін электрдабылдары немесе басқа да сигналдық құралдар қосылады, яғни бұл "Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылы екенін еске саламыз. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (телеарналар, радио және т. б.) іс-әрекеттер туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін қосулары керек.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ Департаменті тұрғындардан дүрбелеңге бой бермей, сабырлық сақтауды сұрайды.