
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне 30 жыл толуына орай және Елорда күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД қала әкімдігімен және Байқоңыр ауданының әкімдігімен бірлесіп, 4 шілдеде өтетін "Құтқарушылар саябағы" алаңының ашылуын жоспарлап отыр. Бұл алаң А.Янушкевич пен А.Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан, өз өмірінің әр минутын қатерге тігіп жүрген өрт сөндіруші-құтқарушыларға арналады. Алаңда мәдени-қоғамдық іс-шараларға арналған аймақ, өрт сөндіруші-құтқарушыларға арналған ескерткіш, әртүрлі жас санаттарына арналған алаң, тұрғындарға арналған тыныш демалыс аймағы, алтыбақандар, орындықтар, азаматтық қорғау қызметі үздіктерінің Құрмет тақтасы, өрт және басқа да төтенше жағдайлар кезінде қаза тапқан батырлар мен қызметкерлерге арналған ескерткіш және тағы басқалар орналасатын болады. Бүгін Нұр-Сұлтан қ.ТЖД басшылығы мен жеке құрамы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, Байқоңыр ауданының әкімі Н.Нұрсағатов ағаш отырғызуға өз үлестерін қосты.
Бүгінгі күні алаңның аумағында жұмыстар жүргізілуде. "Құтқарушылар саябағы" алаңының ресми салтанатты ашылуы ағымдағы жылдың 4 шілдесінде өтетін болады.