Елордалық ТЖД батырды марапаттады

Елордалық ТЖД батырды марапаттады

12 маусымда ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Есен Байыров ҚР Ұлттық гвардиясының әскери қызметшісі бөлімше командирі Қожахметов Асланды алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапаттады.
Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым күні елордалық өрт сөндірушілер сағат 13: 33-те Мәңгілік Ел даңғылы, 51 мекенжайында орын алған өрт жағдайы туралы келіп түскен хабарлама бойынша шақырту орнына шықты. Өрт сөндіру бөлімшелерінің келуі кезінде 4-ші қабаттағы пәтердің ас үйі мен дәлізінде 35 шаршы метр жерде жану орын алғаны анықталды.
Өрт сөндіру кезінде өрт сөндірушілердің күшімен және АС-32 мен 3 иінді сатының көмегімен 5 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды , сонымен қатар өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін көрші пəтерде тұратын ер адам өрт орын алған пәтерден баланы құтқарды. Өрт кезінде бала үйде жалғыз болған, тамақ жылыту үшін электр плитасын қосып, алайда плитаның ыстық бөлігіне сұйық майдың төгілуінің нəтижесінде электр плитасының ары қарай жанғыш материалдарға жайылуымен өрт орын алған. Қатты түтіннің салдарынан бала дәлізге жүгіріп шығып, есікті қағып көмек сұраған, сол сәтте ер адам көмек сұраған дауысты естіп, пәтерге жүгіріп кіріп, 2011 жылы туылған баланы қауіпсіз жерге шығарды.