
2021жылғы 8-9 маусым аралығында өрт сөндіру-құтқару спортынан Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері арасында жарыс өткізілді. Жарысқа 13 өрт сөндіру бөлімдері және жедел құтқару жасағы, жалпы алғанда 14 команда қатысты.
Жарыс шабуыл сатысымен оқу мұнарасының төртінші қабатына көтерілу, 4х100 метр өрт сөндіру эстафетасы, 100 метрлік кедергілермен жолақтардан өту, және жауынгерлік қанат жаю түрлері бойынша өтті .
Жарыстың алғашқы күні
шабуыл сатысымен оқу мұнарасының төртінші қабатына көтерілу және 4х100 метр өрт сөндіру эстафетасы бойынша өткізілді.
Шабуыл сатысымен оқу мұнарасының төртінші қабатына көтерілуден:
IІІ- орынды 3-МӨСБ қызметкері Шалабаев Г. С. иеленді;
ІІ- орынды 5-МӨСБ қызметкері Умирзаков Н. Р. иеленді;
І- орынды 9-ӨСБ қызметкері Абильдаев Б. иеленді.
Шабуыл сатысымен оқу мұнарасының төртінші қабатына көтерілу бойынша:
І - жалпы командалық орынды 5-МӨСБ иеленді;
ІІ - жалпы командалық орынды 3-МӨСБ иеленді;
IІІ - жалпы командалық орынды 6-ӨСБ иеленді.
4х100 метр өрт сөндіру эстафетасы бойынша:
IІІ- орынды 1-МӨСБ құрама командасы иеленді;
ІІ - орынды 5-МӨСБ және 9-ӨСБ құрама командасы иеленді;
І- орынды 6-МӨСБ құрама командасы иеленді.
Жарыстың екінші күні 100 метрлік кедергілермен жолақтардан өту, және жауынгерлік қанат жаю түрлері бойынша өткізілді.
100 метрлік кедергілермен жолақтардан өту бойынша:
IІІ - орынды 2-МӨСБ Нуржаксинов Е. К. иеленді;
ІІ- орынды 6-МӨСБ Сарсекеев Р. иеленді;
І- орынды 3-ӨСБ Шалабаев Г. С. иеленді.
І- жалпы командалық орынды 6-МӨСБ иеленді;
ІІ - жалпы командалық орынды 5-МӨСБ иеленді;
IІІ-жалпы командалық орынды 3-МӨСБ иеленді.
Жауынгерлік қанат жаю жарысы бойынша:
І - жалпы командалық орынды 23-ӨСБ ;
ІІ - жалпы командалық орынды 2-МӨСБ ;
IІІ- жалпы командалық орынды 3-МӨСБ иеленді.
Жарыстың төрт түрі бойынша жалпы командалық
І-орынды 6-МӨСБ ;
ІІ-орынды 5-МӨСБ
IІІ -орынды 3-МӨСБ иеленді.
Жарыс жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!