Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД қызметкерлері өрттің алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде

Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД қызметкерлері өрттің алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде

Өрт қауіпті кезеңнің басталуымен құрғақ өсімдіктердің (қураған ағаштардың) жану қаупі артатыны бәрімізге мәлім. Газгольдерлер маңында қураған ағаштардың жануы ерекше қауіп төндіреді. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 347 газгольдер орналасқан, олармен 1080ге жуық көппәтерлі тұрғын үйлер жабдықталған . Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД қызметкерлері "Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" ММ өкілдерімен бірлесіп өрттің алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта "АстанаГазКызмет" ЖШС қызмет көрсету компаниясының өкілдерімен газгольдерлерді пайдалану және  қызмет көрсету кезіндегі өрт қауіпсіздігі шараларын түсіндіре отырып,  сабақ өткізілді.