"Жас құтқарушы" байқауы

"Жас құтқарушы" байқауы

Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу аясында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаментінің "Құтқарушы" спорт кешенінде дәстүрлі "Жас құтқарушы" байқауы өтті, оған қаланың 9 мектебінен 7-8 сынып оқушылары қатысты. Балалар өрт киімін кию, алғашқы медициналық көмек көрсету, шабуыл сатысымен көтерілу, шартты өртті сөндіру және т.б. бойынша жарысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық бірінші орынды №65 мектеп гимназиясы, екінші орынды №41 орта мектеп және үшінші орынды №72 мектеп лицейі иеленді.