
"Баланы жалғыз қалдырмаңыз" – бұл әр ата-ананың жадында үнемі сақталуы тиіс ереже. Көбінесе, осы ережені елемеудің салдарынан жүрекке терең із қалдыратын орны толмас қайғылы жағдайлар орын алады. Өз қателігіңізді түсінгеніңізбен,оны түзете алмайтыныңыз өкінішті... Балалардың отпен ойнауы және өрттерде балалардың қаза болуы мәселесіне назар аудару, балалардың қатысуымен орын алатын төтенше жағдайлардың санын азайту және олардың жалпы қауіпсіздігін қамтамасыз ету (үйде, көшеде, демалыста, су айдынында және т.б.) мақсатында 24 мамыр мен 1 маусым аралығында Балаларды қорғау күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері "Балалар көзімен қауіпсіздік" кең ауқымды қалалық акциясын өткізеді. Іс-шара 4 кезең бойынша өтетін болады және біз ата-аналардың бала кездеріндегі "қара сөздерін" еске түсіруге тырысатын боламыз.
24-28 мамыр аралығында өтетін бірінші кезең аясында ата-аналар мен олардың балалары басты назарда болады. "Ересектер" баланы мүмкіндігінше қайда және қалай ести алады?"- деп ойлана келе, Инстаграм желісінде " ата-аналарға 1000 және 1 кеңес "деп аталатын челлендж түрінде өткіздік», балалар ата-аналарына бейне және фото форматта " баланы қиындықтан қалай қорғауға болады?» сияқты ұсыныстарымен үндеу жібере алатын болады. Өйткені, "баланың аузында шындық" деп бекер айтылмаған. Байқау шарттары Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД инстаграм желісінің «nursultan_tjd» ресми парақшасында да жарияланады. Адамдар көп жиналатын жерлерде "баланы қиындықтан қалай құтқаруға болады?" атты сауалнама жүргізу арқылы ата-аналардың өздері балалар қауіпсіздігі туралы тәжірибесімен бөлісе алатыгн болады. Ата-аналардың ең қызықты бейне үндеулерімен біз инстаграм желісіндегі «nursultan_tjd» ресми парақшасында бөлісетін боламыз. Екінші кезең іс-шараларының басты назарында жас ата-аналар болады. Дәстүр бойынша аналарға көңіл бөлінеді, өйткені олар көп уақытын балалармен өткізеді. Эпидемияға қарсы жағдайды ескере отырып, біз оны электронды тест қосымшасында сауалнама жүргізу арқылы онлайн режимде өткіземіз, онда "болашақ аналар" үйде, көшеде, қоғамдық жерде, суда, демалыста мектеп жасына дейінгі балалар үшін қауіп төндіретін тығыз суреттердегі орындарды тауып, белгілейді.
Біз "болашақ әкелерді" де назардан тыс қалдырмаймыз,себебі олар да балаларының қауіпсіздігі туралы ойлануға міндетті. Зияткерлік ойын форматында "Кім миллионер болғысы келеді?" әлеуметтік мессенджерлер арқылы сауалнама жүргіземіз, оның басты жүлдесі отбасын төтенше жағдайлардан қорғауға қабілетті баға жетпес білім болмақ.
Біз ата-аналар үшін ең жарқын оқиғалардың бірі - перзентханалардан шығу кезінде де керемет көңіл-күй сыйлайтын боламыз. ТЖД қызметкерлері жас ата-аналарды қарсы алып, құттықтайды, отбасының жаңа мүшесі үшін қауіпсіз өмір сүру жағдайларын жасаудың маңыздылығы туралы айтып, оларға ескерту ретінде кәдесый өнімдерін сыйлайды. Тақырыптық фотозоналар біздің еліміздің жаңа туған азаматтарының өмірінің алғашқы күндерінен бастап жарқын фотосуреттер жасауға мүмкіндік береді.
Үшінші кезең кезінде көп балалы және әлеуметтік- қауіпті жағдайдағы отбасыларға басты назар аударылатын болады. Жұмыс екі бағытта жүргізіледі. Бірінші бағыт бойынша өтетін іс-шарада Департамент қызметкерлері балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелер, ойындар мен викториналар өткізеді. Екінші бағыттағы іс-шарада –балалар үйлерінде, интернаттарда кинологтардың, құтқарушылардың көрсетілімдері мен танымдық мультфильм көрсетілімдері өткізіледі.
Акцияның төртінші кезеңі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған. Жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсерлердің теңізін аттракциондар бағынан табуға болады деген шешімге келдік. Мәселен, отбасымен бірге, уақыт өткізуді ұнататын, адамдар көп жиналатын жерлерде атап айтқанда орталық саябақ пен жағалау аумағында "ТЖД-land" аттракциондар саябағы ашылады. Ал "ТЖД-land"- қа қалай жетуге болатыны туралы біз міндетті түрде "nursultan_tjd" инстаграм парақшасында орналастырамыз және әлеуметтік желілер арқылы шақыртуларды жіберетін боламыз! Интерактивті белсенділік аймақтары, викториналаржәнежылжымалы байқаулар, авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарының көрсетілімдері, ТЖД бөлімшелерінің көрсетілімдері, кәдесый жәнеүйретуші көрнекі-бейнелеу өнімдерін тарату, концерттік бағдарлама, шығармашылық нөмірлер, қуыршақтар, және тағы да көптеген қызықтармен ТЖД қызметкерлері балалар мен олардың ата-аналарын қуантатын болады.
Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды кішкентай балаларын жалғыз қалдырмауға шақырады! Балаларыңызға қауіпсіздік ережелерін үйретіңіз ,түсіндіріңіз,оларға үлгі болыңыз! Ал біз әрдайым сізге көмектесетін боламыз!!