Нұр-Cұлтан қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының жоспарлы отырысы өтті

Нұр-Cұлтан қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының жоспарлы отырысы өтті

12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.А.Қизатовтың  төрағалық етуімен Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша комиссиясының жоспарланған отырысы өтті. Күн тәртібіне су тасқыны және жылыту маусымының қорытындысы, ағымдағы жылдың шомылу кезеңіне дайындық, елорданың тұрғын үйлерінде, ғимараттары мен құрылыстарында газбен жабдықтау жүйесінің жағдайы және газбен жабдықтау жұмыстары қаралды.
Комиссия отырысына жергілікті атқарушы органдар қатысты, атап айтқанда «ҚазТрансГазАймақ» АҚ, «АстанаГазСервис» ЖШС және басқа да мүдделі ұйымдар. Еорданың ТЖД, жергілікті атқарушы органдары мен коммуналдық қызметтерінің белсенді және сапалы жұмыстарының арқасында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша  көктемгі еріген суды өткізу төтенше жағдайларсыз өтті.Комиссия отырысына жергілікті атқарушы органдар қатысты, атап айтқанда «ҚазТрансГазАймақ» АҚ, «АстанаГазСервис» ЖШС және басқа да мүдделі ұйымдар. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша белсенді және сапалы ерте жұмыстардың арқасында елорданың Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық қызметтердің арқасында көктемгі еріген суды өткізу төтенше жағдайларсыз өтті.
Комиссия отырысы барысында Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Базарбаев төтенше жағдайлардың алдын алу және жою іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Ю.В.Ильиннің бұйрығымен «Төтенше жағдайлардың алдын алу орнында үздік шыққаны үшін» медалімен елорда әкімінің орынбасары Е.А. Қизатовты, Алматы ауданының әкімі Б.Т. Есполовты, Сарыарқа ауданының әкімі Е.Б. Байкенді, Есіл ауданының әкімі Б.О. Джакеновты және Байқоңыр ауданының әкімі Н.Т.Нұрсағатовты марапаттады. Сонымен қатар, Департамент бастығының Алғыс хатымен аудандық әкімдіктер әкімдерінің орынбасарлары және Департамент қызметкерлері марапатталды.