
2 мамырда сағат 12-22-де Нұр-Сұлтан қ.ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Сарыарқа ауданы, Бөгенбай даңғылы 73/1 мекенжайында орын алған өрт жағдайына байланысты хабарлама бойынша шақырту орнына шықты.Келген бойда қураған ағаштың жануынан жақын маңдағы жеке үйге өрттің таралып жатқаны анықталды. Өрттің алдын ала жалпы ауданы 300 шаршы метрді құрайды, қазіргі уақытта жеке құрамнан 15 адам және 3 бірлік техника құрамында өрт сөндірушілер өртті жою бойынша жұмыс істеуде. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Құрметті азаматтар, шөптің, қураған ағаштың жануы-басқарылмайтын процесс. Қатты жанып жатқан өртті тоқтату оңай емес. Шөптердің жануынан үйлер, тіпті бүкіл саяжайлар мен ауылдарда да өрт жағдайы өте жиі орын алуда. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қ.ТЖД сенімді түрде кеңес береді:
🔺️демалыс орындарында сөндірілмеген алау, сіріңке, темекі тұқылдарын қалдырмаңыз;
🔺️құрғақ шөпті күйдірмеңіз, жанып жатқан отты қараусыз қалдырмаңыз;
🔺️өз аулаларыңызды құрғақ шөптер мен қоқыстардан тазартыңыз, құрғақ шөптерді, жапырақтар мен қоқыстарды өртемеңіз, оларды жинап, қаптарға салып, одан әрі кәдеге жарату үшін арнайы бөлінген орындарға жинаңыз.
🔺️балаларға отпен ойнаудың қаншалықты қауіпті екенін еске салу қажет!
Отты пайдалану кезінде өте мұқият және абай болыңыз!