ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордалық өрт сөндіруші Айдархан Кемаладиновты «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордалық өрт сөндіруші Айдархан Кемаладиновты «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордалық өрт сөндіруші Айдархан Кемаладиновты «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады. 6 мамырда ҚР Президентінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі жарлығына сәйкес №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі-құтқарушысы әскери және қызмет борышындағы ерлігі және өжеттілігі, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Айдархан Жеңісұлы – азаматтық қорғау органдарында 2016 жылдан бастап қызмет етеді. Қызмет барысында күрделігі әр түрлі өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстаны жүргізуге қатысқан.
Естеріңізге сала кетейік, Айдархан 2020 жылғы 14 қазанда қызмет өткеруден тыс уақытта Сарыарқа көшесі бойынша орналасқан «Кенесары» ТҮК жанынан өтіп бара жатып, көп қабатты үйдің өртеніп жатқанын көріп, ойланбастан көмекке келген. Көп қабатты үйдің 7 қабатына жаяу көтерілгенде қатты түтінденіп жатқанын көреді, өз бетінше шыға алмаған жүкті әйел мен 4 баланы жедел әрекетінің және жанқиярлығының арқасында өрт орнынан қауіпсіз жерге алып шыққан.