"ӨС және АҚЖҚ" ММ-де І тоқсандағы атқарылған жұмыстар қорытыланды

"ӨС және АҚЖҚ" ММ-де І тоқсандағы атқарылған жұмыстар қорытыланды

Өрт сөндіру қызметінде елордалық ТЖ департаментінің бастығы Қуанар Бекенұлы Базарбаевтың төрағалық етуімен 1 тоқсандағы қызметтік іс-қимылы қорытыланды. Тоқсанның қорытындысы бойынша "ӨС және АҚЖҚ" ММ бастығының орынбасарлары жетекшілік ету бөлімдері бойынша есеп берді.  Кеңес барысында қызметтік мәселелер бойынша ТЖД лауазымды тұлғаларымен бірқатар мәселелер талқыланды. Департамент бастығы Қуанар Бекенұлы баяндамашылардың есептерін тыңдап,  алдағы суға түсу маусымы, өрт қауіпті кезеңдеріне нақты тапсырмалар мен нұсқаулар  тапсырды.