
Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Тұран даңғылы 59 көшесі бойынша орналасқан "Қазақстан" жеңіл атлетика спорт кешенінің аумағында оқу-жаттығу өткізді, онда персоналға адамдар жаппай келетін нысандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларымен, сондай-ақ нысанда өрт туындаған кезде қалай әрекет ету керектігімен танысты.
Бұндай жағдайда не істеу керектігі туралы қысқаша нұсқаулық:
▪️Егер өрт орын алған болса, өртке қарсы қызметті шақырыңыз
▪️Түтін басқан бөлмелерден адамдарды көшеге шығарыңыз.
▪️Терезелер мен есіктерді жабыңыз.
▪️Егерде адамдар көп жиналған жерде болсаңыздар дүрбелеңге түспеңіздер, барынша сабыр сақтауға тырысып, қатты қорқыныштан қозғала алмай жатқан адамдарға көмектесіңіз, олармен ақырын, анық сөйлеуге тырысып ,көмектесіңіз.
▪️Жоғарғы қабаттардағы немесе алыстағы бөлмелердегілерді құтқаруға тырыспаңыз.
▪️Егер жағдай түтін мен қатты ыстықтан ғимараттан кете алмайтындай болып қалыптасса, өрт сөндірушілердің көмегін күтіңіз.