
Көктем мезгілі келісімен мұздың еруіне байланысты су айдындарынан жаяу өту қаупі едәуір арта бастайды. Сондықтан, су айдынындағы қауіпті аймақтан достарыңызбен ойнап өтуге немесе жай ғана жолды кесіп өтуге болмайды, өз өміріңізге қауіп төндіруіңіз мүмкін.
Көп жағдайда бұл қауіп ең алдымен балаларға әсер етеді, өйткені олар көбінесе осы уақыт аралығында су айдындарындағы ойындардың қауіптілігі туралы біле бермейді.
Мұндай жағдайларға жол бермеу үшін Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті ата-аналарға балаларын үнемі бақылау қажеттілігі туралы, сондай-ақ өз баласын абай болуға және әртүрлі жағдайларда қауіпсіздік шараларын сақтауға үйрету қажеттілігі туралы тағы да еске салады.
Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде қаланың су айдындарында азаматтардың жарақаттануының алдын алу мақсаты бойынша Нұр-Сұлтан қ. ТЖД қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының @_astana_volontery_lider.kz_ еріктілерімен және қоғамдық қызметкерлермен бірлесіп, жұқа мұз кезеңінде қауіпсіздік қағидаларын түсіндіру бойынша алдын алу іс-шараларын өткізді.
Іс-шара нәтижесінде 350 адам қамтылды, 364 жадынама, нұсқамалар мен буклеттер таратылды. Барлығы іс-шараға 29 адам қатысты.