
2021 жылғы 6 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаевтың және Ақмола облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Бауыржанұлы Атығаевтың төрағалығымен ""Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезінде Ақмола облысының ТЖД шекара маңындағы аудандарымен өзара іс-қимыл туралы" мәселесі бойынша бейнеконференция өтті. Конференция барысында ТЖ-ға жедел ден қою бойынша өзекті мәселелер, сондай-ақ елордалық гарнизон бөлімшелерін жұмылдыру алгоритмі талқыланды.
Ұсыныстар ретінде департаменттер арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту үшін бірқатар тармақтар, сондай-ақ қолданыстағы өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес жауапкершілік аймақтары енгізілді.