Астаналық құтқарушы Хамзе Баққуар кезекті рет жеңіс тұғырында!

Астаналық құтқарушы Хамзе Баққуар кезекті рет жеңіс тұғырында!

Астана қаласы ТЖД №17 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушысы Баққуар Хамзе «Karaganda BJJ Open Championship» Х мерейтойлық турнирында жеңіске жетті.

Бұл сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келген 1400 мықты спортшылар қатысты. Қатысушылар бірнеше салмақ дәрежелері бойынша бақ сынады. Баққуар 85 кг бойынша барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді.

Баққуар Хамзе – он жылдан бері құтқару қызметінде еңбек етіп жүрген тәжірибелі маман. Күнделікті қауіпті әрі жауапты қызметіне қарамастан, ол спорттан да қол үзбей, джиу-джитсу спорт түрін кәсіби деңгейде меңгеріп келеді.

Құтқарушының жетістіктері өте көп. Баққуар Джиу-джитсудан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, сондай-ақ грепплингтен ҚР спорт шебері.

Джиу-джитсудан 2 дүркін Әлем чемпионы, ұлттық құраманың мүшесі, Қазақстан кубогының бірнеше дүркін чемпионы, грепплингтен Қазақстан Кубогының чемпионы. Джиу-джитсудан бірнеше дүркін Азия чемпионы және жүлдегері. Жекпе-жектен самбодан ҚР чемпионы және жүлдегері кәсіби панкратионнан әлем чемпионатының финалисті.

Құтқарушы мамандығын абыроймен атқарып жүрген Баққуар Хамзе спорттағы жеңісі – жас буынға үлгі боларлықтай. Ел намысын қорғап, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген маманның спортта да биіктерді бағындыруы – нағыз батырлықтың белгісі.

 

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі