6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің міндетін атқарушы Е.А. Қизатовтың төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның жоспарлы қорытынды отырысы өтті
Отырыс барысында төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігі бойынша бірқатар мәселелер, Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2021 жылғы қызметінің қорытындысы және 2022 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды.
Отырыста ТЖД басқармаларының, Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығының, Отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасының, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің бастықтары баяндама жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша қалалық қызметтерге қала аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды барынша азайтуға бағытталған қаланы қорғау жүйесін одан әрі дамыту туралы нақты тапсырмалар берілді.