Меню

Страницы

Статья

Елордада "Қыс - 2021" арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы өтуде

11 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында қысқы кезеңге дайындық шеңберінде 2021-2022 жылдардағы қысқы кезеңде халықты және аумақты төтенше жағдайлардан қорғауды ұйымдастыруға дайындық бойынша "Қыс-2021" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.

Оқу-жаттығу Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Қизатовтың, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығы Қ.Б.Базарбаевтың, жеке құрамның, қаланың коммуналдық және шұғыл қызметтерінің қатысуымен өтті.

"Қыс-2021" оқу-жаттығуының жоспары бойынша бес оқу орнында зардап шеккендерді эвакуациялау, құтқару құралдарының көмегімен автокөліктен адамдарды құтқару, жол төсемін тазалау, жолдан адасқан азаматтарды іздеу, жылыту және медициналық және психологиялық көмек көрсету пункттерін өрістету бойынша тәжірибелік  іс-қимылдар пысықталды.

Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтері қысқы кезең жағдайында ТЖ жоюға әзірлік деңгейін және қабілетін арттыру, азаматтық қорғаудың кіші жүйелері жұмысындағы үйлесімділікті жетілдіру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін тексеру бойынша мәселелерді пысықтады, аудандық әкімдіктермен және басқа да қызметтермен жедел ақпараттың өтуіне тексеру жүргізді.

Бүгінгі таңда "Астана Тазалық" ЖШС-де 154 тонна мұздануға қарсы реагенттер, 3 мың тоннадан астам техникалық тұз, 3 мың текше метрден астам құм түзілген. Жолда 500 қар жинайтын техника және жолдар мен көшелерді тазалауға арналған 1300 жұмысшы бар.

Қысқы кезеңдегі ТЖ-ға жедел ден қою үшін құрамында жеке құрамның 266 адамы бар кәсіби авариялық-құтқару құрамалары мен ішкі істер органдарының тобы, 57 бірлік техника (ТЖД – жеке құрамның 80 адамы, 18 бірлік техникасы, ПД жеке құрамының 80 адамы 32 бірлік техникасы,  ҰҰ  жеке құрамының 100 адамы, 5 бірлік техникасы, АМО - 6 адам, 2 бірлік техникасы) дайындыққа келтірілді. Сондай-ақ, 1000 орындық зардап шеккендерді уақытша орналастырудың 10 пунктінің  дайындығына тексеру жүргізілді.

Оқу-жаттығуларға қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің жеке құрамынан 119 адам және 27 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Дата публикации
11 ноября 2021
Дата обновления
11 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

27 августа 2024
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу!
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Жедел ақпарат
04 июня 2022
№03 ҚҚ дауылды ескерту 2022 жылғы 03 маусымнан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы