4 қарашада елордалық ТЖД «Казпромхолод" ЖШС химиялық қауіпті объектісінде тактикалық-арнайы жаттығу өткізді.
Бүгінгі өткен жаттығуға Сарыарқа ауданы әкімі Е.Б. Байкен және Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары Е.А.Байыров, жеке құрам мен қаланың шүғыл қызметтері қатысты.
Жаттығудың шарты бойынша сағат 11:00-де компрессорлық қондырғының ақаулығы нәтижесінде "Казпромхолод" ЖШС химиялық қауіпті объектісінің компрессорлық цехында жоғары қысымды өнеркәсіптік ыдыстың жарылуы орын алды, кернеудің төмендеуі нәтижесінде аммиакты Тоңазытқыш қондырғының бір компрессорының электр сымдары жанып, кейіннен оттың таралуы орын алды. Бірінші болып өрт орнына қалалық Өрт сөндіру қызметі бөлімшелері келіп жетеді. Келіп жетуі бойынша жоғары улы затардан химилық қорғаныш киімдерін киген өрт сөндіруші-құтқарушылар зардап шеккендерді іздеу, құтқару, эвакуациялау жұмыстарын жүргізеді, одан әрі өрт сөндіру және жақын маңдағы цистерналарды суыту үшін су құю жұмыстарын атқарады. Сонымен қатар, шақыру орнына қаланың шұғыл және өзара іс-қимыл жасайтын қызметтері, атап айтқанда ТЖ, Полиция департаменттері, Апаттар медицинасы орталығының, ҚР ҰҰ 5573 әскери бөлімінің, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жеке құрамы аварияны жою үшін жұмылдырылады. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар түріне қарай төтенше жағдайлар салдарларын жою кезеңінде зардап шеккен халықты тікелей қоныстандыруды ұйымдастыруға арналған қалалық №68 мектеп-гимназия базасында зардап шеккен халықты қабылдау пунктіде жұмыспен пысықталған.
Мұндай оқу-жаттығуларды өткізу қала қызметтерінің жедел өзара іс-қимылын пысықтауға, нақты авария, төтенше жағдай туындаған кезде залал мен шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді.