Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғау басқармасының бастығы майор Ратбек Демеубергеннің шомылу маусымының өтуі туралы брифингте сөз сөйлеуі.
Шомылу маусымы кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Департамент алдын алу және тәжірибелік іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда.
Стихиялы жағажайларда күн сайын халықтың қауіпсіздігін бақылайтын ЖҚЖ (Ақбұлақ, Триатлон, Шұбар, Газмашаппаратура, Қарасу, Нұра-Есіл арнасы) қалқымалы бекеттері қойылды.
Сонымен қатар, азаматтардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Департамент қызметкерлері күн сайын акваторияның аса қауіпті учаскелерінде патрульдеу жүргізеді (50-ден астам адам түседі), оның барысында халықпен әңгімелесу жүргізіледі және судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша үгіт-насихат өнімдері таратылады. Сонымен қатар, полиция және Ұлттық ұлан қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізіледі.
Рейдтік іс-шараларға тартылған тағы бір буын жұмыспен қамту орталығынан 85 еріктілер және 25 қоғамдық қызметкерлер болып табылады.
Шомылу маусымы басталғаннан бері рейдтік іс - шаралардың нәтижелері бойынша 8171жадынама мен кітапшалар таратылды.
Департаментпен тұрақты негізде үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізілуде. Күн сайын шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздік шаралары туралы тақырыпта қаланың LED – экрандарында, қоғамдық көліктерде (автобустарда), адамдар көп жиналатын нысандарда ("Mega Silk Way" СОО, "Азия парк", Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы және т.б.) бейне және аудиожазбалар трансляциялау жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде 7 бейнеролик әзірленді және шығарылды, олар қала әкімдігінің сайтында және ведомстволық әлеуметтік желілерде орналастырылды, теледидарда 9 сөз сөйлеу, 4 брифинг, эфирлік радиохабар күніне 5 рет (26 мамырдан), баспа басылымдарында 10 мақала, ақпараттық агенттіктерде және әлеуметтік желілерде 60 мақала шығарылды. Су айдындарында 211 белгі, 20 жүзбелі тыйым салу белгісі және 29 ақпараттық стенд орнатылды.
Бүгінгі күні елорданың су айдындарында адамдардың қаза болу статистикасы 8 адамды құрайды, оның ішінде 4 жасөспірім. Адамдардың қаза болу фактілері суға шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған су айдындары учаскелерінде тіркелген.
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына сақ болуды , су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауды , рұқсат етілмеген жерлерде шомылмауды және балаларды қараусыз қалдырмауды,оларды су айдындарына жалғыз жібермеуді кезекті рет еске салады