Меню

Страницы

Статья

Автокөліктегі қауіпсіздік

Автокөлікте орын алатын өрттердің негізгі себебі - автокөліктердің техникалық пайдалануына және уақтылы диагностикасына ерекше назар аудармай, автокөлік иелерінің өз көлік құралына немқұрайлы қарауы. Сондықтан автокөлік иелері мен көлік кәсіпорындарының жүргізушілеріне барлық электр жабдықтарының жарамдылығын мұқият бақылауды тағы да еске саламыз: капоттың астын жиі қарау, герметикалығын, сондай-ақ қозғалтқыштың отын құралының жарамдылығын тексеру. Егер газ отын ретінде пайдаланылса, онда газ жабдықтарын үнемі тексеріп отыру керек. Әрқашан көліктің ішінде жарамды өрт сөндіргіш болу керек.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті автокөлік иелеріне автокөлікте өрт болған жағдайда төмендегі ұсынымдарды орындауды ескертеді:

Егер сіз бензиннің, жанып жатқан оқшаулаудың иісін сезсеңіз, капот астынан түтін көрсеңіз, автокөлікті дереу тоқтатыңыз, қозғалтқышты өшіріңіз, бар болса жолаушыларды шығарыңыз, капот астындағы кеңістікке ауа кірмес үшін оны толық ашпау керек, қозғалтқыш бөлігін сөндіру қозғалтқыш бөлігінің астынан, сондай-ақ сәл ашылған капот астындағы кеңістіктен жүргізіледі, дереу "101"нөміріне қоңырау шалыңыз. Өрт сөндірушілер келгенге дейін қолда бар өрт сөндіргіш құралдармен немесе тығыз матамен өртті сөндіруге тырысыңыз. Көліктің астына төгілген отынды сөндіріңіз-өрт сөндіргішті қолданыңыз, шетінен ошақтың ортасына қарай көбік немесе ұнтақ беріңіз. Қозғалтқышты сумен сөндіруге болмайды! Су электр сымдарының қысқа тұйықталуын немесе жанып жатқан бензиннің таралуын тудыруы мүмкін.

Бұл ұсыныстар, сондай-ақ уақтылы және сапалы техникалық тексеруден өту өзін және жолаушыларды автокөліктегі өрттен қорғау үшін жеткілікті.

Өзіңізді және мүлкіңізді қорғаңыз!

Дата публикации
23 сентября 2021
Дата обновления
23 сентября 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

27 августа 2024
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу!
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Жедел ақпарат
04 июня 2022
№03 ҚҚ дауылды ескерту 2022 жылғы 03 маусымнан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы