Автокөлікті басқару кезінде өрт сөндіру бөлімшелерінің жүргізуші жеке құрамының жүргізу мәдениетін арттыру мақсатында өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі жеке құрам бойынша инспекция тобымен бірлесіп, Астана қаласы ЖЖЕ әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерін тарта отырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша сабақтар өткізді.
Сондай-ақ, жүргізуші құрамына әртүрлі бұзушылықтар, соның ішінде жол қозғалысы ережелері, олардың жасалуына және жарақаталуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды талқылай отырып, бейнероликтер көрсетілді.
Аталған іс-шара Өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері арасында жарақаттанудың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде өткізілді.