ХАБАРЛАНДЫРУ
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі, индекс 010000, Астана қ. Сарыарқа ауданы, Әліби Жангелдин 24, электрондық мекен жайы: ok_dchs_ast@emer.kz, анықтама телефондары: 8 (7172) 30-00-46,
32-01-88, азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің бос орындарды толтыруға іріктеу жариялайды:
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 220 778 теңгеден бастап.
Лауазымдық нұсқаулығы: құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер бар, телекоммуникациялық жүйелер мен байланыстың үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
Іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі - орта білімнен төмен емес.
Іріктеуге қатысу үшін барлық кандидаттарға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Білімі жоғары (Өрт қауіпсіздігі, өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі, төтенше жағдайларда қорғау, азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштері, ақпараттық жүйелер, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, радиотехника, электроника және телекоммуникация, заңтану, құқық, құқық қорғау қызметі, есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз ету, информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу, әскери іс және қауіпсіздік, сот сараптамасы, техносфералық қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою). Техникалық, кәсіптік мамандықтар және орта білімнен кейінгі білім: техник, техник-бағдарламашы, ақпаратты қорғау жөніндегі техник.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) кадр саясаты бөлімімен берілетін нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білім туралы құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелген) немесе "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттарды;
4) кадр қызметімен берілетін нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;
5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);
8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;
9) кадр қызметімен берілетін нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;
10) кадр қызметімен берілетін нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы.
Құжаттар іріктеу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап
он жұмыс күні ішінде қабылданады.
Құжаттарды қабылдау орны: Астана қ. Әліби Жангелдин 24,
104-ші кабинет (Кадр және тәрбие жұмыс басқармасы).
Кадр қызметі қызметкерлерінің іс әрекеттерінде әуре сарсаңға салу немесе кәсіби ісінің төмендігі анықталған кезде келесі Сенім телефондары бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: