ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі, индекс 010000, Астана қ. Сарыарқа ауданы, Әліби Жангелдин 24, электрондық мекен жайы: ok_dchs_ast@emer.kz, анықтама телефондары: 8 (7172) 30-00-46,
32-01-88, азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің бос орындарды толтыруға конкурс жариялайды:

  1. С-SV-13 санаты бойынша өрт сөндіруші-құтқарушы - 25 бірлік,
    (С-SV-12) санаты бойынша аға
    өрт сөндіруші-құтқарушы – 8 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 180 000 теңгеден бастап.

Лауазымдық нұсқаулығы: құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер бар, өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын өткізуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі - орта білімнен төмен емес.

Қажетті құжаттар тізімі:

 1) кадр саясаты бөлімімен берілетін нысан  бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білім туралы құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелген) немесе "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттарды;

4) кадр қызметімен берілетін нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;

5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;

6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);

7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);

8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;

9) кадр қызметімен берілетін нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;

10) кадр қызметімен берілетін нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы.

Құжаттар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап

 он жұмыс күні ішінде қабылданады.

Құжаттарды қабылдау орны: Астана қ. Әліби Жангелдин 24,

104-ші кабинет (Кадр және тәрбие жұмыс басқармасы).

Кадр қызметі қызметкерлерінің іс әрекеттерінде әуре сарсаңға салу немесе кәсіби ісінің төмендігі анықталған кезде келесі Сенім телефондары бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:

  1. Назыров Қайрат Амангелдіұлы 8 (7172) 60-19-68 - ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаменті бастығының орынбасары;
  2. Сыздықов Айдос Нұржанұлы 8 (7172) 60-21-30 - ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаменті бастығының орынбасары;
  3. Үсенбаев Ержан Қайратұлы 8 (7172) 60-21-29 - ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қызметті өткеру басқармасының бастығы;
  4. Бейсенбеков Аманжол Алдабергенұлы 8 (7172) 60-21-27 29
    - ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Жеке құрам жөніндегі инспекция басқармасының бастығы.

 

Дата публикации
23 сентября 2025