2025 жылғы 2 наурызда қала аудандарының бірінде 26 қабатты тұрғын үй кешенінің 9-шы қабатында өрт орын алған. Тұрғындардың баспалдақ алаңдарында заңсыз тұрғызған қоймалардың бірінде үй заттары өртеніп, салдарынан баспалдақ алаңы қатты түтінге оранған, ал бұл жер өз кезегінде өрт болған жағдайда жалғыз эвакуациялық жол болып табылады.
Жану Астана қ. ТЖД күшімен уақытында жойылды.
Тұрғын үй кешенінің сипаттамасын (26 қабатты) ескере отырып, өрт нәтижесі қайғылы жағдайларға әкеп соғуы мүмкін екендігін атап өткен жөн. Жану себебі – дәнекерлеу және басқа да отпен жұмыс жасау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылды.
Жыл басынан бастап бұл көп қабатты тұрғын үйлердегі қойма жайларында орын алған 6-шы жағдай (2024 жылы – 24 жағдай тіркелген).
Астана қ. ТЖД қызметкерлерімен көп қабатты тұрғын үйлердегі қойма жайларындағы бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тұрақты түрде профилактикалық бақылау жүргізіледі. Аталған объектіде профилактикалық бақылау 2024 жылғы маусым айында жүргізілген, нәтижесінде 15 бұзушылық анықталған, олар бақылау тексеру кезінде жойылмай, материал сотқа жолданған.
Астана қ. ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы тағы бір мәрте ескертеді!