Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы келесі мамандықтар бойынша білікті офицерлерді дайындайтын жоғары оқу орны:
«6В12302 – Өрт қауіпсіздігі»;
«6В12303-Төтенше жағдайларда қорғау»;
«6В12304- Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі»
6В12191 –Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық»;
Оқуға түсу шарттары
Академияның күндізгі оқу түрі бойынша оқуға орта білімі бар, 16 жасқа толған, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары (ер балалар мен қыз балалар) қабылданады.
Оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) қорытындылары сертификаттарының балдарына сәйкес жүргізіледі.
Азаматтарды күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылдау төрт кезеңнен тұрады:
|
№ |
норматив атауы
|
баға |
|||||
|
«үздік» |
«жақсы» |
«қанағаттанарлық» |
|||||
|
ер балалар үшін |
қыздар үшін |
ер балалар үшін |
қыздар үшін |
ер балалар үшін |
қыздар үшін |
||
|
1 |
100 метрге жүгіру (сек) |
14,.0 |
16.0 |
14.5 |
16.5 |
15.0 |
17.0 |
|
2 |
1000 метрге жүгіру (мин/сек) |
3.40 |
4.40 |
3.50 |
5.00 |
4.00 |
5.20 |
|
3 |
тартылу (тартылу саны) |
11 |
- |
9 |
- |
7 |
- |
|
4 |
1 минут ішінде шалқадан жатып кеудені көтеру (көтеру саны) |
- |
35 |
- |
30 |
- |
25 |
Академияға оқуға қабылдау медициналық, дене бітімі мен психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу қорытындыларын есепке ала отырып, ҰБТ қорытындылары бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргізіледі.
Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне киім-кешекпен, тамақтану және келесі мөлшерде: 1-2-курс – 12 628,57, 3 курс – 23000 тенге, 4 курс – 43 831,92 тенге мемлекеттік шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.
Оқу мерзімі -4 жыл. Ер балалар мен қыз баллар 1 курстан 3 курсқа дейін Академия жатақханасында, 4 курста өз есебінен жатақханадан тыс жерде Көкшетау қаласында тұрады.
Білім алу уақыты әскери қызметті өтеу уақытына теңеледі.
Академияны аяқтағаннан кейін «азаматтық қорғау лейтенанты» арнайы атағы беріледі.
Академияға оқуға түсуге ынта білдірген тұлғалар келесі мекенжайлар бойынша өтініш білдіре алады:
Байланыс телефоны: 8 (7172) 32-01-88;
Байланыс телефоны: 8(7172) 30 -04-89