Қазақстан Республикасы министрлігінің Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Астана қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесі, индекс 010000, Астана қ. Сарыарқа ауданы, Ақтау көшесі 6/1, электрондық мекен жайы: okr.ast@emer.kz, анықтама телефондары: 8 (7172) 30-00-46, азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің бос орындарды толтыруға конкурс жариялайды:
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 154 000 (165 000) теңгеден бастап.
Лауазымдық нұсқаулығы: құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер бар, өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын өткізуге қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі - орта білімнен төмен емес.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) кадр саясаты бөлімімен берілетін нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ «Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23626 болып тіркелген) 1-қосымшадағы Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (нотариалды куәландырылған);
4) кадр қызметімен берілетін нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;
5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);
8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;
9) кадр қызметімен берілетін нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;
10) кадр қызметімен берілетін нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы.
Құжаттар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады.
Құжаттарды қабылдау орны: Астана қ. Ақтау көшесі 6/1,
6-ші кабинет (кадр және тәрбие жұмысы бөлімі).