Астана қаласының аумағында 2024 жылдың ақпан айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат

2024 жылдың қаңтар айында айында   «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет пультіне елорда тұрғындарындан 134 266  қоңырау түскен (2023ж.-187610, -28,4%), халықты хабардар ету мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 90 СМС хабарлама жолданды (2023ж.-43, +2,6 р).

Құтқару бөлімшелері құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін 762 (2023ж.-688,+10,8%) жедел шығуды жүзеге асырды, оның ішінде:

- 38 адам құтқарылды (2023.-65,-41,5%);

- 136 адам эвакуацияланды (2023ж.-142,-4,2%);

-  медициналық көмек 0 зардап шеккендерге көрсетілді (2023ж.-0).

Астана каласы аумағында 159 (2023ж.-150,+6%) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, оларда 10 адам жарақат алды (2023ж.-15,-33,3%)  және 4 адам қаза тапты (2023ж.–2,+2р).

Төтенше жағдайлар туындаған көздері бойынша былайша бөлінеді:

- 156 өндірістік және тұрмыстық өрттер (2023ж.- 148,+5,4%), оларда 6 адам жарақат алды (2023ж.-15,-60%) және 4 адам қаза тапты (2023ж.-2,+2 есе);

- 1 апат тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінде (2023ж.–2, -50%), оларда зардап шеккен адамдар жоқ;

- 2 жағдайы көміртегі тотығымен уланудың (2023ж.-0,+100%), 2 зардап шекті (2023ж.-0,+100% ), 0 адам қаза тапты (2023ж.-0);

Өрттің пайда болуының объектілері:

- қөлік құралдары 43 жағдай немесе 30,1% (2023ж.-50 немесе 37%);

- тұрғын үй секторы – 62 жағдай немесе 43,4% (2023ж.-48 немесе 35,5%);

- бақыланатын объектілер – 24 жағдай немесе 16,8% (2023ж.-29 немесе 21,4%);

- салынып жатқан объектілері – 11 жағдай немесе 7,7% (2023ж.-6 немесе 4,4%);

- ашық аумақтар – 3 жағдай немесе 2,1% (2023ж.-2 немесе 1,5%).

Өрттердің пайда болуының ең көп таралған себептері:

- электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу –75 жағдай немесе 52,4% (2023ж.-83 немесе 61,5%);

- жылыту пештерін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу – 24 жағдай немесе 16,8% (2023ж.-22 немесе 16,3%);

- отты абайсыз қолдану – 8 жағдай немесе 5,6% (2023ж.-15 немесе 11,1%);

- орнатылған өрттеулер – 2 жағдай немесе 1,4% (2023ж.-3 немесе 2,2%);

- басқа себептер – 32  жағдай немесе 22,4% (2023ж.-20 немесе 14,8 %).

 

 

Дата публикации
18 марта 2024