2024 жылдың қаңтар айында айында «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет пультіне елорда тұрғындарындан 88 088 қоңырау түскен (2023ж.-140687, -37,4%), халықты хабардар ету мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 50 СМС хабарлама жолданды (2023ж.-27, +85,2%).
Құтқару бөлімшелері құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін 365 (2023ж.-394,-7,4%) жедел шығуды жүзеге асырды, оның ішінде:
- 20 адам құтқарылды (2023.-22,-9,1%);
- 21 адам эвакуацияланды (2023ж.-22,-4,5%);
- медициналық көмек 0 зардап шеккендерге көрсетілді (2023ж.-5,-100%).
Астана каласы аумағында 68 (2023ж.-91,-25,3%) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, оларда 5 адам жарақат алды (2023ж.-4,+25%) және 2 адам қаза тапты (2023ж.–1,+100%).
Төтенше жағдайлар туындаған көздері бойынша былайша бөлінеді:
- 67 өндірістік және тұрмыстық өрттер (2023ж.- 89,-24,7%), оларда 3 адам жарақат алды (2023ж.-4,-25%) және 2 адам қаза тапты (2023ж.-1,+2 есе);
- 0 апат тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінде (2023ж.–2, -100%), оларда зардап шеккен адамдар жоқ;
- 1 жағдайы көміртегі тотығымен уланудың (2023ж.-0,+100%), 2 зардап шекті (2023ж.-0,+100% ), 0 адам қаза тапты (2023ж.-0);
Өрттің пайда болуының объектілері:
- қөлік құралдары 16 жағдай немесе 30% (2023ж.-27 немесе 39,1%);
- тұрғын үй секторы – 25жағдай немесе 46,3% (2023ж.-22 немесе 32%);
- бақыланатын объектілер – 7 жағдай немесе 13% (2023ж.-15 немесе 22%);
- салынып жатқан объектілері – 4 жағдай немесе 7,4% (2023ж.-4 немесе 5,8%);
- ашық аумақтар – 2 жағдай немесе 3,7% (2023ж.-1 немесе 1,4%).
Өрттердің пайда болуының ең көп таралған себептері:
- электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу –34 жағдай немесе 63% (2023ж.-45 немесе 65,2%);
- жылыту пештерін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу – 8 жағдай немесе 14,8% (2023ж.-12 немесе 17,4%);
- отты абайсыз қолдану – 4 жағдай немесе 7,4% (2023ж.-6 немесе 8,9%);
- орнатылған өрттеулер – 1 жағдай немесе 1,8% (2023ж.-2 немесе 9%);
- басқа себептер – 7 жағдай немесе 13% (2023ж.-4 немесе 5,8 %).