Азаматтық қорғау органдарының бос басшы лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі, индекс 010000, Астана қ., Ә. Жангелдин көшесі 24, анықтама телефондары: 8(7172) 32-01-88, электрондық мекен жайы: ok_dchs_ast@emer.kz, азаматтық қорғау органдарының бос басшы лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 1. С-SVО-6 санаты бойынша ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімшесі лауазымына – 1 бірлік.

         Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты, 156 087 теңгеден бастап.

Лауазымдық нұсқаулығы: телекоммуникациялық жүйелер мен байланыстың үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

С-SVO-6 санаты бойынша конкурсқа қатысу үшін барлық кандидаттарға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 білімі жоғары (өрт қауіпсіздігі; өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі, төтенше жағдайларда қорғау; ақпараттық жүйелер, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, автоматтандыру және басқару; есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, есептеу техникасы және автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз ету, информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу, әскери іс және қауіпсіздік, сот сараптамасы, техносфералық қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою).

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

         2) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

         3) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Қажетті құжаттар тізімі:

Белгіленген үлгідегі өтініш. Өтінішке:

         1) жұмыстағы негізгі көрсеткіштер мен шынайы жетістіктерді айқындайтын қызметтік жұмыстың нәтижелерімен бірге қызметтік мінездеме (еркін нысанда);

         2) басшы құрам қатарынан қызметкерлердің ұсынымдары (еркін нысанда);

         3) АҚО кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын өткізетін қызметін растаған қызметкердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының деңгейін жыл сайын қорытынды тексеру анықтамасы (еркін нысанда);

         4) АҚО кадр қызметі басшысымен куәландырылған кадр резервіне қою туралы бұйрықтан үзінді (бар болған жағдайда) қоса беріледі.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және/немесе мерзімі бұзылған жағдайда, кандидат конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

 

Құжаттар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап

бес жұмыс күні ішінде қабылданады.

Құжаттарды қабылдау орны: Астана қ. Ә. Жангелдин көшесі 24,

102-ші кабинет (Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы).

 

 

 

 

 

 

 

Азаматтық қорғау органдарында
жоғары тұрған басшы
лауазымдарға конкурс өткізу
шарттары мен қағидаларына
1-қосымша

 

Нысан

 

____________________
(Азаматтық қорғау органының)
бастығына
___________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған жағдайда))

 Өтініш

      Мені _______________________________ бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттарымен және тәртібімен таныстым, оларды орындауға келісемін.

      _________________________________________ ____________ (Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған дағдайда)) (қолы және күні)

      Байланыс деректері:

      Жұмыс және ұялы телефон номірі _________________________

      Электрондық мекенжайы _________________________________________

      Тұрғылықты мекенжайы _________________________________

      Жұмыс мекенжайы _____________________________________________

      20___ жылғы "____" ___________ .

Азаматтық қорғау органдарының бос басшы лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру
Дата публикации
23 октября 2023