Астана қаласының аумағында 2023 жылдың алты айында болған
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат
2023 жылдың алты айында «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет пультіне елорда тұрғындарындан 434726 қоңырау түскен (2022ж.-349777, +24,3%), халықты хабардар ету мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 151 СМС хабарлама жолданды (2022ж.-155, -2,6%).
Құтқару бөлімшелері құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін 2985 (2022ж.-2598,+14,9%) жедел шығуды жүзеге асырды, оның ішінде:
- 162 адам құтқарылды (2022ж.-388,-58,2%);
- 216 адам эвакуацияланды (2022ж.-87,+2,5есе);
- медициналық көмек 72 зардап шеккендерге көрсетілді (2022ж.-28,+2,6есе).
Астана каласы аумағында 365 (2022ж.-364,+0,3%) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, оларда 24 адам жарақат алды (2022ж.-197, -87,8%) және 6 адам қаза тапты (2022ж.–14,-57,1%).
Ескертпе: коронавирустық инфекция бойынша ТЖ есепке алынған жоқ (2022ж.- 1 ТЖ, онда 86155 адам зардап шекті, 2023ж.-1 ТЖ, онда 2675 адам зардап шекті, қаза тапқандарп бойынша мәліметтер жоқ).
Төтенше жағдайлар туындаған көздері бойынша былайша бөлінеді:
- 357 өндірістік және тұрмыстық өрттер (2022ж.-355,+0,6%), оларда 24 адам жарақат алды (2022ж.-8,+3есе) және 4 адам қаза тапты (2022ж.-10,-60%);
- 3 апат тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінде (2022ж.–0,+100%), оларда зардап шеккен адамдар жоқ;
- 1 судың қатты ластануы (2022ж.–0,+100%), оларда зардап шеккен адамдар жоқ;
- 0 газ-ауа қоспасының тұтану жағдайлары (2022ж.-2,-100%), 0 адам жарақат алды (2022ж.-1,-100%);
- 0 ғимараттың құлау жағдайы (2022ж.-1,-100%), 0 адам жарақат алды (2022ж.-1,-100%);
- 1 жер сілкінісі жағдайы (2022ж.–0,+100%), оларда зардап шеккен адамдар жоқ;
- 1 дала өрті (2022ж.–0,+100%), оларда зардап шеккен адамдар жоқ;
- 2 су айдындарына батып кету жағдайы (2022ж.–2,-100%), оларда 2 адам қаза тапты (2022ж.-3,-33,3%).
- 0 метеорологиялық жағдайлар (2022ж.-1,-100%), 0 адам жарақат алды (2022ж.-3,-100%);
- 0 жағдайы адамдардың улануыны (2022ж.-3,-100%), оларда адамдар зардап шеккен жоқ (2022ж.-185,-100%);
Өрттің пайда болуының объектілері:
- тұрғын үй секторы – 136 жағдай немесе 39,7% (2022ж.-178 немесе 51,9%);
- қөлік құралдары – 119 жағдай немесе 34,7% (2022ж.-76 немесе 22,2%);
- бақыланатын объектілер – 62 жағдай немесе 18,1% (2022ж.-66 немесе 19,2%);
- салынып жатқан объектілері – 19 жағдай немесе 5,5% (2022ж.-19 немесе 5,5%);
- ашық аумақтар – 7 жағдай немесе 2,0% (2022ж.-4 немесе 1,2%).
Өрттердің пайда болуының ең көп таралған себептері:
- электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу – 200 жағдай немесе 58,3% (2022ж.-172 немесе 50,2%);
- отты абайсыз қолдану – 63 жағдай немесе 18,4% (2022ж.-63 немесе 18,4%);
- жылыту пештерін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу – 39 жағдай немесе 11,4% (2022ж.-48 немесе 14%);
- өртпен балалардың еркелігі – 7 жағдай немесе 2,0% (2022г.–3 немесе 0,9%);
- орнатылған өрттеулер – 6 жағдай немесе 1,8% (2022ж.-15 немесе 4,4%);
- тұрмыстық электраспаптармен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу – 5 жағдай немесе 1,5% (2022ж.-18 немесе 5,3%);
- басқа себептер – 23 жағдай немесе 6,7% (2022ж.-24 немесе 7%).
2023 жылдың алты айында Астана каласы аумағында тауекел дәрежесі жоғары объектілерде 18 өрт тіркелген (2022ж.–34,-47,1%), оның ішінде: