Астана қаласының аумағында 2023 жылдың қаңтар айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат
2023 жылдың қаңтар айында «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет пультіне елорда тұрғындарындан 140687 қоңырау түскен (2022ж.-645449), халықты хабардар ету мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 27 СМС хабарлама жолданды.
Құтқару бөлімшелері құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін 394 (2022ж.-344,-14,5%) жедел шығуды жүзеге асырды, оның ішінде:
- 22 адам құтқарылды (2022ж.-18,+22,2%);
- 22 адам эвакуацияланды (2022ж.-7,+3,1есе);
- медициналық көмек 5 зардап шеккендерге көрсетілді (2022ж.-7,-28,6%).
Кала аумағында 91 (2022ж.-58,+56,9%) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, оларда 3 адам жарақат алды (2022ж.-64,-95,3%) және 1 адам қаза тапты (2022ж.–4,-75%).
Ескертпе: коронавирустық инфекция бойынша ТЖ есепке алынған жоқ (2022ж.- 1 ТЖ, онда 78791 адам зардап шекті, 2023ж.-1 ТЖ, онда 1118 адам зардап шекті, қаза тапқандарп бойынша мәліметтер жоқ).
Төтенше жағдайлар туындаған көздері бойынша былайша бөлінеді:
- 89 өндірістік және тұрмыстық өрттер (2022ж.-57, +56,1%), оларда 3 адам жарақат алды (2022ж.-2,+50%) және 1 адам қаза тапты (2022ж.-4,-75%);
- 2 апат тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінде (2022ж.–0,+100%), оларда зардап шеккен адамдар жоқ;
- 0 жағдайы адамдардың улануыны (2022ж.-1,-100%), оларда адамдар зардап шеккен жоқ (2022ж.-62,-100%).
Өрт туралы есепке сәйкес 2023 жылдың қаңтар айында 69 өрт болды (2022ж.-50,+38%).
Өрттің пайда болуының объектілері:
- қөлік құралдары – 27 жағдай немесе 39,1% (2022ж.-11 немесе 22%);
- тұрғын үй секторы – 22 жағдай немесе 31,9% (2022ж.-23 немесе 46%);
- бақыланатын объектілер – 15 жағдай немесе 21,7% (2022ж.-14 немесе 28%);
- салынып жатқан объектілері – 4 жағдай немесе 5,8% (2022ж.-2 немесе 4%);
- ашық аумақтар – 1 жағдай немесе 1,5% (2022ж.-0 немесе 0%).
Өрттердің пайда болуының ең көп таралған себептері:
- электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу –45 жағдай немесе 65,2% (2022ж.-28 немесе 46%);
- жылыту пештерін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу – 12 жағдай немесе 17,4% (2022ж.-10 немесе 20%);
- отты абайсыз қолдану – 6 жағдай немесе 8,7% (2022ж.-6 немесе 12%);
- орнатылған өрттеулер – 2 жағдай немесе 2,9% (2022ж.-1 немесе 2%);
- басқа себептер – 4 жағдай немесе 5,8% (2022ж.-5 немесе 10%).
Тауекел дәрежесі жоғары объектілерде 5 өрт тіркелген (2022ж.–6,-16,7%), оның ішінде:
- 6 қаңтарда 22-29-де "RAMADA BY WYNDHAM" қонақ үй кешені;
- 11 қаңтарда 03-24-де 18-қабатты «Мисон» ТК;
- 12 қаңтарда 13-51-де «Esil» бизнес орталығы;
- 14 қаңтарда 01-50-де ет комбинатының өндірістік цехы;
- 14 қаңтарда 01-55-де 26-қабатты «Хайвилл Астана» ТК.