Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті аттестаттау комиссиясы отырысын өткізу туралы хабарландыру

Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті аттестаттау комиссиясы отырысын өткізу туралы хабарландыру

 «Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі  (010000, Астана қаласы, Жангелдин көшесі, 24, анықтама үшін телефондар 8(7172)32-73-48, 8(7172)32-01-88), ok_dchs_ast@emer.kz) 2022 жылғы 22 желтоқсанда 10 сағат 00 минутта Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 2 қабат, мәжіліс залы., аттестаттау комиссиясының отырысын өткізу туралы хабарлайды.

Аттестаттау комиссиясы жұмысының айқындығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде аттестаттау комиссиясы отырысына Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары, қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатыса алады.

Қызметкер Аттестаттау комиссияның шешіміне бір ай мерзімінде құқық қорғау органының, құқық қорғау органы білім беру ұйымының және құқық қорғау органы мемлекеттік мекемесінің басшысына немесе уәкілетті  басшысына сот тәртібімен шағымдана алады.

Әңгімелесуге жіберілген, аттестатталатын  қызметкерлер  тізімі Астана қ. ТЖД ақпараттық стендінде орналасқан.

 

Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті аттестаттау комиссиясы отырысын өткізу туралы хабарландыру
Дата публикации
14 декабря 2022