Қазақстан Республикасы министрлігінің Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Астана қаласы)» мемлекеттік мекемесі, индекс 010000, Астана қ. Сарыарқа ауданы, Ақтау көшесі 6/1, электрондық мекен жайы: okr.ast@emer.kz, анықтама телефондары: 8 (7172) 30-00-46, азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің бос орындарды толтыруға конкурс жариялайды:
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты – 105000 теңгеден бастап.
Лауазымдық нұсқаулығы: меншік нысанына және ведомствоға қарасты тиістілікке қарамастан өндірісі объетілерінде төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға қатысу. Жұмысшылармен өрт қауіпсіздігі шаралары туралы өртке қарсы үгіт, насихат, нұсқаулықтар өткізу. Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды қадағалау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі - орта білімнен төмен емес.
Құжаттар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.
Құжаттарды қабылдау орны: Астана қ. Ақтау көшесі 6/1, 6-ші кабинет (кадр саясаты бөлімі).