Астана қаласының аумағында 2022 жылдың тоғыз айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат

Астана қаласында 582 (2021ж.-541,+7,6%) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, оның ішінде техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар 570 оқиға (2021ж.-532,+7,1%), және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар 12 оқиға (2021ж.-9,+33,3%)

 

Төтенше жағдайларда  236 адам (2021ж.-34,+6,8 есе)  зардап шекті, оның ішінде 216 адам (2021ж.-16,+13,5 есе) ауруханаға жатқызылды және 20 адам (2021ж.–18,+11,1%) қаза тапты.

Көздері бойынша туындаған төтенше жағдайларға бөлінеді былайша:

- 567 өрт (2021ж.-529, +7,2%), онда 25 адам зардап шекті (2021ж.-21, +19%), оның ішінде 13 адам қаза тапты (2021ж.-9, +44,4%).

- 3 техногендік сипаттағы жагатайым оқиғалар (2021ж.-3), онда 4 адам зардап шекті (2021 ж.-4), олардың ішінде 1 (2021 ж.-0) адам қаза болды.;

- Адамдардың улануының 5 жағдайы (2021ж.-0, +100%), онда 196 адам зардап шекті, оның ішінде қаза тапқандар жоқ.

- Судағы оқиғалар туралы 5 хабарлама (2021ж.-9, -44,4%), онда 6 адам зардап шекті (2021ж.-9, -33,3%), оның ішінде 6 адам қаза тапты (2021ж.-9, -33,3%).

- Қауіпті метеорологиялық құбылыстың 1 жағдайы (2021ж. -0,+100%), онда 3 адам зардап шекті (2021ж.-0), оның ішінде қаза тапқандар жоқ (2021ж.-0);

-1 асыгыс өрт оқиғасы  (2021 г.-0,+100%), онда 1 адам зардап шекті (2021 г.-0,+100%), оның ішінде қаза тапқандар жоқ (2021ж.-0).

 

Өрттердің пайда болуының ең көп таралған себептеріне: электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу – 50,8% (2021ж.-56,7%), отты абайсыз қолдану – 23,9% (2021ж.-15,1%), жылыту пештерін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу жатады-9,7%  (2021 ж. – 16,2%). Өрттің басқа да себептері – 4,3% (2021ж. -4%).

Өрттердің пайда болуының негізгі объектілері тұрғын үй секторы -50% (2021ж.-42,9%), көлік құралдары – 20,8% (2021ж.-30,3%), сауда кәсіпорындары – 8,7% (2021ж.-8%), салынып жатқан объектілер-4,3% (2021ж.-4,7%).

Тәуекел дәрежесі жоғары объектілерде 66 өрт тіркелген (2021ж.-56, +17,8%), оның ішінде қабаттылығы жоғары тұрғын үйлер – 33 (2021ж.-31), өндірістік кәсіпорындар – 9 (2021ж.-7), әкімшілік-қоғамдық ғимараттар – 8 (2021ж.-4), сауда кәсіпорындары – 5 (2021ж.-10), спорттық-ойын-сауық мекемелері-2 (2021ж.-1). Бұдан басқа, балалар-1, мәдени – ойын– сауық – 1 (2021ж.-1), емдеу мекемелері – 1, білім беру объектілері – 1, қойма ғимараттары-1 (2021ж.-1) және сауналар-1 (2021 ж.-2).

2022 жылдың тоғыз айында тұрғындардан «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет пультіне 474130 қоңырау(2021г.-508236,-6?7%) түскен.

Астаналық гарнизонның құтқару бөлімшелері 4155 (2021ж.-4186,-0,7%) жедел сапарлар жүргізді, оларда 497 адам (2021ж.-317,+57%) құтқарылды, 94 адам (2021ж.-408,-4,3есе) эвакуацияланды, медициналық көмек 35 зардап шеккендерге (2021ж.-48,-27,1%) көрсетілді.

Бақылау-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде 652 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2021ж.-5057,+29,1%), оның ішінде 261 тұлғаға  (2021ж.-191,+36,6%) 15,7 млн. теңге (2021ж.-12,5млн.тг.,+25,8%) көлемінде айыппұл салынды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында халықты ақпараттандыру мақсатында 1826 (2021ж.-1651,+10,6%) сөздер айтылды және материалдар жарияланды, оның ішінде теледидарда - 247 (2021ж.-156, +38,3%), баспа беттерінде - 370 (2021ж.-283,+30,7%), радиоэфирде –180 (2021ж.-428,-57,9%), ақпарат агенттіктерінде - 1029 (2021ж.-784,+31,3 %).

Адамдардың көп болатын объектілерде динамик құрылғылары бойынша 62275 (2021ж.-11752,+5,6 есе) аудио хабарлар таратылды.

Дата публикации
14 октября 2022