Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 2022 жылдың жеті айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 2022 жылдың жеті  айында  болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласында 434 (2021ж.-465,-6,7%) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, оның ішінде техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар 425 оқиға (2021ж.-457,-7,0%), және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар 9 оқиға (2021ж.-8,+12,5%)

Төтенше жағдайларда  217 адам (2021ж.-28,+7,8есе)  зардап шекті, оның ішінде 200 адам (2021ж.-13,+15,4р) ауруханаға жатқызылды және 17 адам (2021ж.–15,+13,3%) қаза тапты.

Көздері бойынша туындаған төтенше жағдайларға бөлінеді былайша:

- 422 өрт (2021ж.-455, -7,3%), онда 21 адам зардап шекті (2021ж.-18, +16,7%), оның ішінде 10 адам қаза тапты (2021ж.-7, +42,9%).

- Газ-ауа қоспасының тұтануының 2 жағдайы (2021ж.-2), онда 1 адам зардап шекті, олардың ішінде 0 адам қаза болды.;

- Ғимараттың кенеттен құлауының 1 жағдайы (2021ж.-0. +100%), онда 1 адам қаза тапты.

- Адамдардың улануының 3 жағдайы (2021ж.-0, +100%), онда 185 адам зардап шекті, оның ішінде қаза тапқандар жоқ.

- Қауіпті метеорологиялық құбылыстың 1 жағдайы (2021ж. -0,+100%), онда 3 адам зардап шекті (2021ж.-0), оның ішінде қаза тапқандар жоқ (2021ж.-0);

- Судағы оқиғалар туралы 5 хабарлама (2021ж.-8, -37.5%), онда 6 адам зардап шекті (2021ж.-8, -25%), оның ішінде 6 адам қаза тапты (2021ж.-8, -25%).

Өрттердің пайда болуының ең көп таралған себептеріне: электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу - 51,3% (2021ж.-55,8%), отты абайсыз қолдану - 20,6% (2021ж.-15,0%), жылыту пештерін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу жатады.-11,9%  (2021 ж. - 17,9%). Өрттің басқа да себептері - 16,2% (2021ж.-11,3%).

Өрттердің пайда болуының негізгі объектілері тұрғын үй секторы -50,1% (2021ж.-45,5%), көлік құралдары – 23,2% (2021ж.-31,5%), сауда кәсіпорындары – 7,0% (2021ж.-7,6%), салынып жатқан объектілер-4,8% (2021ж.-5,1%).

Тәуекел дәрежесі жоғары объектілерде 44 өрт тіркелген (2021ж.-49, -10,2%), оның ішінде қабаттылығы жоғары тұрғын үйлер – 21 (2021ж.-27), өндірістік кәсіпорындар – 7 (2021ж.-27), әкімшілік-қоғамдық ғимараттар – 5 (2021ж.-3), сауда кәсіпорындары – 3 (2021ж.-9), спорттық-ойын-сауық мекемелері-2 (2021ж.-1). Бұдан басқа, балалар-1, мәдени – ойын– сауық – 1 (2021ж.-1), емдеу мекемелері – 1, білім беру объектілері – 1, қойма ғимараттары-1 (2021ж.-1) және сауналар-1.

2022 жылдың жеті айында тұрғындардан «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет пультіне 390548 қоңырау(2021г.-423415,-7,8%) түскен.

Астаналық гарнизонның құтқару бөлімшелері 3080 (2021ж.-8283,-6,2%) жедел сапарлар жүргізді, оларда 423 адам (2021ж.-275,+53,8%) құтқарылды, 87 адам (2021ж.-398,-78,1%) эвакуацияланды, медициналық көмек 33 зардап шеккендерге (2021ж.-30,+10%) көрсетілді.

Бақылау-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде 481 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2021ж.-361,+33,2%), оның ішінде 207 тұлғаға  (2021ж.-125,+65,6%) 12,4 млн. теңге (2021ж.-8,3млн.тг.,+49,4%) көлемінде айыппұл салынды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында халықты ақпараттандыру мақсатында 1222 (2021ж.-1160,+5,3%) сөздер айтылды және материалдар жарияланды, оның ішінде теледидарда - 159 (2021ж.-121, +31,4%), баспа беттерінде - 268 (2021ж.-204,+31,4%), радиоэфирде – 131 (2021ж.-226,-42,0%), ақпарат агенттіктерінде - 664 (2021ж.-609,+9,0%).

Адамдардың көп болатын объектілерде динамик құрылғылары бойынша 56069 (2021ж.-8731,+6,4есе) аудио хабарлар таратылды.

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 2022 жылдың жеті айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат
Дата публикации
05 августа 2022