Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 2022 жылдың алты айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат
2022 жылдың алты айында Нұр-Сұлтан қаласында 364 (2021ж.-420,-13,3%) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді.
Төтенше жағдайларда 210 адам (2021ж.-19,+11,1есе) зардап шекті, оның ішінде 196 адам (2021ж.-9,+10,3 есе) ауруханаға жатқызылды және 14 адам (2021ж.–10,+40%) қаза тапты.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға 358 оқиға жатады(2021ж.-417,-14?1%), оларда 19 адам (2021ж.-16,+18,8%) зардап шекті, оның ішінде 11 адам (2021ж.-7,+57,1%) қаза тапты. Пайда болу көздері бойынша:
- 355 өрт (2021ж.-416,-14,7%), онда 17 адам зардап шекті (2021ж.-15, +13,3%), оның ішінде 10 адам қаза тапты (2021ж.-7, +42,8%).
- үйдегі 3 апат(2021ж.-1,+2есе), онда 2 адам зардап шекті (2021ж.-1,), оның ішінде қаза болғандар -1 (2021ж.-0,+100%).
Өрттердің негізгі себептері - электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу (48,4%), жылыту пештерін салу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (13,5%), отқа абайсыз қарау (17,7%) болып табылады.
Өрттің негізгі нысандарына тұрғын секторы (51,1%) мен көлік құралдары (21,4%) жатады.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайға адамдардың тамақпен улануына қатысты 6 оқиға жатады (2021ж.-3,+2есе), оларда 191 адам (2021ж.-3,+63,7%) зардап шекті, оның ішінде қаза тапқан 3 адам (2021ж.-3). Пайда болу көздері бойынша:
- адамдардың улануының 3 жағдайы (2021ж.-0,+100%), онда 185 адам зардап шекті (2021ж.-0, +100%), оның ішінде қаза болғандар жоқ (2021ж.-0).
-1 қауіпті метеорологиялық құбылыстар (2021ж.-0,+100%), онда 3 адам зардап шекті (2021ж.-0, +100%), оның ішінде қаза болғандар жоқ (2021ж.-0).
-2 судағы оқиғалар (2021ж.-3,-33,3%), онда 3 адам зардап шекті (2021ж.-3), оның ішінде қаза болғандар -3 (2021ж.-3).
2022 жылдың алты айында 349777 қоңырау (2021г.-361266,-3,2%) түскен.
Астаналық гарнизонның құтқару бөлімшелері 2598 (2021ж.-2867,-9,4%) жедел сапарлар жүргізді, оларда 388 адам (2021ж.-249,+55,8%) құтқарылды, 87 адам (2021ж.-393-77,9%) эвакуацияланды, медициналық көмек 28 зардап шеккендерге (2021ж.-21,+33,3%) көрсетілді.
Бақылау-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде 420тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2021ж.-329,+27,6%), оның ішінде 192 тұлғаға (2021ж.-115,+66,9%) 11 млн. 225 мын 625 теңге (2021ж.-7 млн.724 мын 216теңге,+45,3%) көлемінде айыппұл салынды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында халықты ақпараттандыру мақсатында 1031 (2021ж.-790, +30,4%) сөздер айтылды және материалдар жарияланды, оның ішінде теледидарда -130 (2021ж.-104, +25%), баспа беттерінде - 240 (2021ж.-176,+36,4%), радиоэфирде – 113 (2021ж.-56,+2есе), ақпарат агенттіктерінде - 548 (2021ж.-454,+20,7%).
Адамдардың көп болатын объектілерде динамик құрылғылары бойынша 36255 (2021ж.-4710,+7,7 есе) аудио хабарлар таратылды.